ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және концессия шарттары бойынша көш бастауда

Бюджетке инвестициялық жүктемені төмендету мақсатында Шығыс Қазақстанда жалпы құны 103 млрд теңгеге жуық болатын 180 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және концессия жобалары іске асырылуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оның ішінде 129 жоба бойынша шарттар 38,1 млрд теңгеге жасалды. Жобалар қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, ТКШ жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Өздеріңіз білетіндей, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және концессия шарттарының саны бойынша Қазақстан өңірлері арасында көшбасшы болып табылады.

МЖС аясында Семей және Өскемен қалаларында электронды билеттеу цифрлық жүйелер енгізілді. Өскеменде «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесі қосылды. Осындай жоба Семей қаласында да іске асырылуда, ол 40 жол қиылысын, 74 желілік учаскені,1551 жалпы бейне бақылау камерасын қамтиды.
Сонымен қатар, түрік компаниясымен бірлесіп Глубокое кентінде 5,7 млрд теңгеге жылу көзінің құрылысы басталды. Жеке инвестор Курчатов қаласындағы «Тополек» балабақшасын қайта құру бойынша міндеттемелер алды. Бұған 482 млн теңге бағытталады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шеңберінде Бүйрек орталығы мен хоспис қызметін жүзеге асыру үшін Семей қаласының және Ұлан ауданы Таврия ауылының ауруханаларының ғимараттарының бір бөлігі сенімгерлік басқаруға берілді. Бұдан басқа, «Қызыл ту» паромдық өткел кешені қызмет көрсетуге берілді.
Еуропа қайта құру және даму банкі желісі бойынша 75 млрд теңгеге 12 бастама бойынша шарттар мен келісімдер жасалды, 302 млрд теңгеге 102 жобаның несиелік портфелі қалыптастырылды.
Өскемен және Семей қалаларында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша 3 жоба іске асырылуда.
Облыс орталығы мен Семейдегі көше жарығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдан бастап 19 мың шам ауыстырылды. Осындай жұмыстар барлық аудан орталықтарында жалғасуда. Жобалар бойынша барлығы 32 мың шамды ауыстыру алға қойылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button