ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да демалыс базасында ірі өрт шықты

Глубокое ауданындағы демалыс базасында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, таңертеңгі сағат 07:00 шамасында Глубокое ауданындағы демалыс базасында жеке орналасқан шаңғыны жалға беру орын-жайында өрт шықты. Ғимарат қызыл жалынға оранды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру есебімен 140 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер, адам шығындары жоқ.

Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдай органынан 16 адам және 4 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда, алдын ала болжам бойынша өрттің щығу себебі – электр жабдықтарын орнатуда және оны пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button