ҚоғамСемейТОП

Су қорғау аймақтарындағы жер учаскелерін сатуды тоқтату керек – Семей әкімі

Семей әкімі Бақытжан Байахметов су қорғау аймақтарындағы жер учаскелерін сатуды және бөлуді тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы әкімдігінің хабарлауынша, әкімдікте кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Бірінші мәселе күзгі-қысқы кезеңде су бұру арналары мен арықтардың су өткізуге дайындығы қаралды.

Бүгінде су бұру арналары мен арықтардың ұзындығы 52 шақырымды құрайды. Олар қаланың 16 ауданында орналасқан.

Дайындық жұмыстары кезінде тамыз айынан қоқысты тазарту, шөпті шабу, су бұру арналарын тереңдету жұмыстары басталып, қазіргі уақытта жалғасуда. Жұмыс нысандары Кордон, Контрольный, Затон, Дальняя, Березовский кенттері, Татимов, Огородная, Паровозная, Садовая, Макаренко, Ақкөл, 7-8 переулок, Дөнентаев, Белібаев, Мичурин, Фестивальная көшелерінде орналасқан.

Су жіберуді жақсарту және саяжай алабы ауданындағы тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін Шығыс кенті аумағында диаметрі 520 мм құбырлар 700 мм құбырларға ауыстырылды. Сондай-ақ, Походная көшесінде құбырлар төселді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен арықтарға түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде Амбулаторная, Терешкова, Сейфуллин, Фестивальная көшелерінде жаңа арықтар қажет екені анықталды. 2022 жылы 8 миллион теңге көлемінде қаражат бөлуге өтінім жасалды.

Су бұру арналарын қадағалау бойынша проблемалық мәселелер де бар. Бұл жер учаскелерін өз бетінше басып алу, су қорғау аймақтарында, сондай-ақ жерасты сулары бар жерлерде жер беру. Көбінесе жер иелері арықтар өтетін аумақтарға кіргізуден бас тартады.

Аталған мәселе бойынша Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жоғарыда аталған көшелерде осы жылдың соңына дейін қосымша суағарлар өткізу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

«Егер осы жұмыстарды жылдамдатуға және басқа жобалардан үнемдеу есебінен 8 миллион теңге іздестіруге мүмкіндік болса, онда оларды осы жылы аяқтау қажет. Бұл біздің тұрғындар үшін көпжылдық проблема, сондықтан біз олардың қарапайым сұраныстарына жедел және тиімді жауап беруіміз керек», – деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Жер қатынастары және сәулет, қала құрылысы бөлімдеріне су қорғау аймақтарында жер учаскелерін сатуға жол берілмейтіндігін көрсетті. Бұл үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button