БілімҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семейде онлайн режімде «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жиыны басталды

"Айбын-2021" республикалық жиынына Семей қаласынан үш команда қатысады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биылғы жиынға 70-тен астам команда қатысады.

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов жиынға қатысушыларға жарыстарда сәттілік пен сергектік тіледі. Отан қорғаушыларымен бір қатарға тұруға лайықты болып, осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін жастардың талпынысы мен ниетін атап өтті.

“2021 жылы Қазақстан Тәуелсіз ел болып жарияланғанына 30 жыл толады. Сіздер – тәуелсіз мемлекеттің ұрпағысыздар, еліміздің басты игілігі, күш-қуаты мен әлеуетісіздер”, – деді қорғаныс министрі.

  • Биылғы жылы жиын жетінші рет өткізіліп отыр. Жиын онлайн форматта өтуде. Биылғы жылғы «Айбын» жиынының ерекшелігі, еліміздің барлық аумақтарынан 70-тен астам команда қатысада. Семейден үш команда қатысады, соның ішінде «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы да бар. Бұл жастар үшін өте маңызды іс-шара, жиын жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, спорттық даярлықтарын шыңдауға үйретеді, – деді «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Серік Түсіпов.

Көптеген оқушылар үшін оқу-жаттығу жиыны жаңашылдық емес. Олардың басым бөлігі өткен жылдардағы «Айбын» жиындарына қатысқан, тиісті дағдылары бар.

  • Мен жиынға екінші жыл қатысудамын. Биылғы жылы бірқатар өзгерістер бар, атап айтсақ, «Тоғыз құмалақ» және «Жас журналист» сайыстары енгізілді. Осындай байқаулар жастарды тек спорттық жағынан шыңдап қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық жағынан дамытады. Біз дайындықты жаз айларында бастадық, аптасына үш рет жиналдық, шығармашылық байқауларға сценарийлер құрдық. Мен «Жас журналист» байқауына қатысамын. Ол үш кезеңнен тұрады. Қарулы күштер туралы бейнематериал түсірум керек болды. Біз сұхбаттар алдық, бейнематериалдар түсірдік, – деп алған әсерлерімен бөлісті қатысушылардың бірі, Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназияның оқушысы Аида Нығмет.

Жиын 30 қарашаға дейін жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button