ӘлемҚазақстанСпортТОП

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан бірінші кезеңде Бразилиядан басым түсті

Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында 3-орын үшін Бразилиямен кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде екі құраманың да жеңіске жету мүмкіндігін іздеуде. Шабуыл шебінде жиі бой көрсетуде. Ойынның 12-минутында бразилиялық қақпашы Гитта өзінің қақпасына автогол соғып алды.

Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде.

Айта кетсек, Бразилия – әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған жалғыз құрама.

Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады.

Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде қарсыласына жол берді.

Ал Бразилия жартылай финалда Аргентинаға 1:2 есебімен жол берді.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button