ӘлемҚазақстанСпортТОП

Теннис: Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады.

Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.

Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді. Сөйтіп өз спорттық жолында челлендж турнирлеріндегі бірінші табысына қол жеткізіп отыр.

Португалиядағы жарыстың қорытындысына сәйкес Д.Попко ATP рейтингісінде 164-орынға көтеріледі. Бұл оның үздік көрсеткіші болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалында жеңіліп қалғанын, Дмитрий Попконың Лиссабон финалына өткенін жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Чикаго турнирінің финалына шыға алмады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button