Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қыркүйекте “Вокзал” учаскелік полиция пунктіне қонақ үйлердің бірінің әкімгері жүгініп, тұрақты клиенттердің бірі қонақ үй нөмірінде жаңа туған нәрестесін тастап кеткенін хабарлаған.
- Оқиға орнына келген полиция қызметкерлерімен қонақ үй нөмірінен екі қыз бала табылды. Олардың біреуі 8 жаста, екіншісі шамамен туылғанына 30 күн. Үлкен қызының айтуы бойынша өздері және анасы туралы мәліметтер алынды. Анасы 29 жастағы семейлік әйел. Аналары екі сағат бойы болмаған. Сонымен қатар нөмірдегі төсек жанында алкогольді сусынның 8 бос шөлмегі табылды, – деді баспасөз қызметінде.
Сауалнамалық мәліметтер алу барысында әйел өзін дөрекі ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға қарсылық танытқан. Тәртіп сақшыларын балағаттап, олардың бірінің бетінен және қолынан ұрған.
- Медициналық куәландырудан өткізу үшін әйел адам наркологиялық дипансерге жеткізілді. Дәрігер-наркологтың қорытындысына сәйкес “Орта дәрежедегі масаңдық” диагнозымен жатқызылды. Үлкен қызы жасөспірімдерге арналған бейімдеу Орталығына, кіші қызы – “Сәбилер үйіне” орналастырылды, – деп түсіндірді ведомствода.
Әйелге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды, сонымен қатар тұрғылықты мекенжайы бойынша профилактикалық есепке қойылды.
Semeynews.kz