ҚоғамСемейТОП

Семейде оң бұрылыстағы жанама жолдардың құрылысы басталды

Семейде көлік кептелістерін болдырмау үшін, қаланың қарбалас қиылыстарында оң бұрылыстағы жанама жолдарды орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жобаға 160 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

  • Қазіргі уақытта Шәкәрім даңғылы – Дулатов көшесі қиылысында жұмыстар жүргізілуде. Оң бұрылыстағы жанама жол, осы учаскедегі көлік кептелісін азайтады және олар бағдаршамсыз қозғалады. Биылғы жылы қалада тоғыз оң бұрылыс пайда болады. Бастапқыда 12 бұрылыс жоспарланған, мақсаттылықтарын ескере келе тоғыз бұрылыс орнатуға шешім қабылданды. Қоғамдық пікірлерді ескердік. Әр кесілген ағаштар үшін хаттамаға сәйкес 10 ағаш отырғызамыз. Кейбір ағаштарды белгіленген орындарға, яғни орталық алаңдағы шыршаларды Жеңіс паркіне көшіреміз, – деді мердігер ұйымның өкілі, «Семей механикалық зауыты» ЖШС Нұржан Бахаев.

Оң бұрылыстағы жанама жолдар келесі көшелердің қиылысында пайда болады:

  1. Абай көшесі – Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысы (қалалық әкімдік бұрышы);
  2. Қ.Мұхамедханов көшесі – Абай көшесі (жағалаудан Шығыс кенті бағытына қарай);
  3. Қ.Мұхамедханов көшесі – Абай көшесі (Абай кітапханасы жақта);
  4. Шәкәрім даңғылы – Ш.Уәлиханов көшесі  (автобекет бағытына);
  5. Сеченов көшесі – Қаржаубайұлы көшесі (Қарттар үйі жақтан);
  6. Елемесов көшесі – Дулатов көшесі (“Ахметов” ЖҚС жақтан);
  7. Дулатов көшесі – Шәкәрім даңғылы (“Гелиос” ЖШС жағынан);
  8. Өскемен көшесі – 6 Линия көшесі (ЖҚС жағынан);
  9. Энергетик кентінен Қаржаубайұлы көшесіне (“ШҚ АЭК” АҚ жағынан).

Мердігерлердің айтуынша, жұмыс мерзімінде жүргізілуде және 15 қазанда аяқталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button