ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала жолдарын жөндеу жұмысына тексеру жүргізді

Семейде "Nur Otan"партиясы Орталық аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Партиялықтар бірнеше кәсіпорындардың, мектептердің жұмысымен танысып, жолдарды, атап айтқанда Селевин көшесіндегі орташа жөндеу аясында асфальт төселіп жатқан жолдарды қарап шықты.

  • Маған аталған көше жолының және коммуникация салынғаннан кейін қазылған Байтұрсынов көшесінің маңындағы жолдың да жағдайына қатысты тұрғындардан бірнеше рет шағым түскен. Сондықтан Әуезов даңғылын, Молдағалиев көшесін және сол көшелерді байланыстыратын жолдарды жөндеу кезінде оларды жұмыс жоспарына қосу туралы шешім қабылданды. Бұл көшелердегі жолдарда көліктер жиі қатынайды. Сонымен қатар, осы жерден үйлерге кіре беріс басталады,- деді қала әкімі.

Президент жергілікті атқарушы органдардың алдына халық үніне құлақ асатын мемлекет міндетін қойды. Сондықтан жергілікті атқарушы орган жұртшылықтың өтініштері мен шағымдарына дереу ден қоюға, әлеуметтік мәселелерді шешуге тиіс.

  • Келесі жылғы жоспарға Водный кентінде мектеп құрылысын кіргіземіз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта балабақша құрылысына МЖӘ желісі бойынша келісім бар. Жаңа құрылыс ауданында 600 орындық мектеп салуға қажеттілік бар. Біз құрылысқа тиімді жер учаскесін таңдап, келесі жылы жобалауды бастаймыз,-деп қорытындылады Б.Байахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button