ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да колонияда телефон лақтырмақ болған

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерімен колония аумағына ұялы телефонды кіргізудің жолы кесілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ОВ 156/3 түзету мекемесіне жанасқан,  рұқсат етілмейтін аймақтың ішінен мекеме қызметкерлерімен ер адам тоқтатылған. Ер адам қолындағы заттардың бір бөлігін лақтырып үлгерген.

  • 1980 жылғы ер адамның өзімен бірге күдік тудырған, скотчпен оралған орам болды. Орамның ішіне сотталғандарға арналған рұқсат етілмеген зат салынған. Ол оны режімді аумаққа лақтырмақ болған. Сонымен қатар, ер адам мекеме қызметкерлері бақылап тұрғандарын көріп, өз жоспарының іске аспай қалуына байланысты қашуға тырысты. Тәртіп сақшылары орамнан түрлі модельдегі үш смартфонды алып шықты. “Жеткізуші” колонияның жедел бөліміне жеткізілді, ҚР ӘҚК 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, материалдары сотқа жолданды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар колония қызметкерлерімен орама кімге арналғаны анықталды. Ол  – “тонау” бабы бойынша сотталған 31 жастағы ер адамға арналған. Сотталған адамда жауапкершілікке тартылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button