ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Автокөлік иесі көлік тізгінін жүргізуші құқығынан айырылған, масаң күйдегі жүргізушіге сеніп тапсырған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 4 тамызында патрульдік полиция батальонының инспекторлары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен “Мерседес” маркалы көлікті тоқтатқан.

  • Полиция қызметкерлерімен құжаттарын тексеру барысында, көлік тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, аталған жүргізуші сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Тәртіп сақшыларымен жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, қорытындысы бойынша “жеңіл дәрежедегі” масаңдық анықталды. Анықталғандай, 23 жастағы көлік иесі көлік салонында болып, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаға көлік тізгінін сеніп тапсырған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button