ҚылмысСемейТОП

Семейде мал ұрлығы ашылды

Семейлік полицейлермен мал ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша, 27 шілдеде Әуезов АПБ Восход кентінің 52 жастағы тұрғыны жүгініп, ағымдағы жылдың 1 маусымында “Семей-Қарауыл” тас жолы бойында, қаладан 70 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтың еркін жайылымынан бейтаныс тұлға 2 қойын ұрлап кеткенін хабарлаған. Осылайша 100 000 теңге сомасында шығын келтірілген.

  • Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-әздестіру шаралары барысында еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған Семей қаласының 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде – деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқан Құнанбаев.

 Semey News

Осы айдарда

Back to top button