ҚазақстанҚоғамТОП

Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

"Бипек Авто" холдингінің иесі, қазақстандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды. Мұндай ақпарат Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокуратура сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балушкинге ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іздеу салған. Бұдан бөлек, бизнесмен қылмыскерлер тізіміне еніп отыр. “Іздеу салынған тұлғаның тергеуден жалтарғаны” атап өтілген.

Айта кетерлік жайт, Анатолий Балушкин Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендері қатарына енген. 2020 жылы оның иелігінде 150 миллион доллар бар екені белгілі болған және ол “Азия Авто” АҚ мен “Бипек Авто Қазақстан” АҚ-ның басты акционері болып саналған.

“Азия Авто” АҚ құрамына Өскемендегі автомобильдерді құрастыру зауыты кіреді. Сонымен бірге, компанияның еліміздің үш өңірінде және Ресей мен Чехияның үш өңірінде 15 өкілдігі бар.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button