ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде қоқыс шығару жұмыстары жалғасуда

Бірнеше жылдар бойы қала маңындағы тұрғындар тазартылмаған қоқыстарға шағымданып келедідеп хабарлайды Semey News

Олардың бірі қаланың оң жақ бөлігінде орналасқан Шығыс саяжайында  пайда болған. Жергілікті тұрғындар мұнда көліктерімен келіп қоқыс тастайтын адамдарға наразы. Жылдар бойы жиналған қоқыс бүгінде үлкен үйіндіге айналған.

– Бұл саяжайды ата-анам 1962-1963 жылдары сатып алған. Мен мұнда сол уақыттан бері тұрамын. Мұндай тәртіпсіздік 20 жыл бұрын басталған. Сол себепті жиналған қоқыстан мезі болған тұрғындар саяжайларын сатуға мәжбүр болды. Ал, олардың жерлерін қалада тұратын тұрғындар  сатып алған. Қоқысты әкету соншалық қиын ба?  Бір рет қоқысты тазалау үшін мен,  шөміші бар тракторға тапсырыс бердім. Ол бір  жаз бойы  барлық қоқыстарды алып шықты. Мұнда тұратындар тракторды да жалдай алады. Бірақ өз қалталарынан төлегілері келмейді. Айтарға сөзім жоқ. Бықсып жатқан қаңқаның иісі  қолқаңды қабады, – деп шағымданды Светлана Старухина.

Кент тұрғындарының көптеген өтініштерінен кейін, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін шығару жұмыстары басталды. 30-дан астам жүк көлік қоқысы шығарылды.

–  Ұйымдастырылмаған қоқыс орындары кестеге сәйкес шығарылады. Сол жағалауда мердігер ұйым қоқыс шығарумен айналысады. Көп пәтерлі үйлердің қоқыстарын шығару бойынша да жұмыс істейміз. Көптеген тұрғындар бұл қызмет туралы келісімге қол қойған жоқ. Бүгінгі күні біздің қаламызда сегіз компания бар. Олардың бірімен тұрғындар шарт жасасып, төлем жүргізуі қажет. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі мұнда қоқыс тастамауын қамтамасыз етуі керек. Тұрғындар көлік нөмірін суретке түсіріп, учаскелік инспекторларға берген жағдайлар болды. Бұл арқылы тәртіп бұзушыларды тауып, айыппұл салуға болады, – дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Жалпы, қала бойынша 40-қа жуық қоқыс орны бар. Оларды шығару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері жөніндегі кеңесте Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қаланы абаттандыру бойынша сапасыз жұмыстарға назар аударып, ҚТҚ шығару бойынша барлық шарттық міндеттемелердің 70% – ы тиесілі “Семей Тазалық” ЖШС-нің өнімсіз жұмысын атап өтті. Кәсіпорынға жағдайды қысқа мерзімде түзету тапсырылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button