ШҚОҚылмысТОП

ШҚО-да өзгенің атына несие ресімдеген қаскөй ұсталды

2021 жылдың 3 шілдесінде кешкі уақытта Бесқарағай АПБ-ға жергілікті тұрғын жүгініп, ағымдағы жылдың мамыр айында оның үйіне белгісіз әйел келіп, өзін Бесқарағай ауданының ТКШ қызметкері ретінде таныстырып, алдау жолымен, үйді жекешелендіруге құжаттарды ресімдеу сылтауымен оның құжаттарын суретке түсіргенін хабарлады, деп хабарлайды Semey News

Кейін оның атына 200 000 теңге сомасында несие рәсімдегенін білген.
Бесқарағай ПБ криминалдық полиция тобы сегіз күн ішінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді және ағымдағы жылдың 11 шілдесінде бұл қылмыс ашылды. Семей қаласының 41 жастағы тұрғыны жауап алу барысында өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button