ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде мал ұрлаған шопандар ұсталды

Семейлік полицейлермен мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылды, шопандар ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

11 шілдеде Семей қалалық ПБ Әуезов полиция бөліміне 45 жастағы Семей –Қарауыл тас жолынан 78 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының иесі жүгініп, 4 бас қойының жоғалғанын хабарлаған.

Әуезов полиция бөлімімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, Семей-Қарауыл тас жолында «Зил-130» автокөлігі тоқтатылды. Көлік қорабында 4 бас қой табылды. Мал иесі өзінің өрістен жоғалған малдары екенін растады.

– Тергеу кезінде мал иесінің малын бағуға жалданған 34 жастағы  екі азамат 31 жастағы өздерінің Семейлік танысымен қылмыстық ойларын жүзеге асырып, оның автокөлігіне өздеріне бағуға сеніп тапсырылған отардан 4 бас қойды базар бағасынан арзанға тиеп бергені анықталды. Сонымен қатар 2020-2021 жылдар аралығында жәбірленушіден 24 бас қойын ұрлағандары дәлелденді. Шығын көлемі – 1,2 млн теңге, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Тәртіп сақшыларымен жоғалған қойлар иесі қайтарылды, ал қалған малдарды қылмыскерлер өтеп беруге міндеттенді. Аталған факті бойынша ҚР  ҚК-нің 188-1 бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Күдіктілердің осыған ұқсас ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button