ӘлемҚазақстанСпортТОП

Токио-2020: Теннисші Елена Рыбакина аустралиялық қарсыласын қапы қалдырды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды. 1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен екі басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасып жатыр.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button