ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Екі мыңнан астам адам алданған: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Ақмола облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына 2 000-нан астам азамат тартылған”, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Қазір алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Соған байланысты қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150-бабы (“қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау”) және Қылмыстық кодекстің 217-бабына (“қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету”) сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құрған бірнеше адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаржы құюды ұсынған.

Бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button