ҚазақстанОқиғаТОП

Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы карабинмен абайсызда атылып қалған

БҚО-да он бір жасар бала үйінде өлі табылды, жанында карабин жатты, деп хабарлайды Semey News Tengrinews.kz. тілшісіне сілтеме жасап.

Оқиға Бөкейорда ауданындағы Бисен ауылында орын алған. Жедел медициналық жәрдемге қоңырау 16 шілдеде сағат 12:30-да түскен.

Полиция департаменті прокуратураның тыйым салуына сілтеме жасап, болған жайт бойынша түсіндірме бермеді. Бірақта, денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала өз-өзіне абайсызда атып алған көрінеді.

“Жасөспірім 2009 жылғы, үйде жалғыз болған. Сол уақытта ата-анасы үйде болмаған. Абайсызда жасөспірім өзіне, мойын тұсына оқ атып алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше бала оқиға орнында көз жұмды”, – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасында.

Ақпарат Бөкейорда аудандық әкімдігімен расталды.

“Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын білмейміз. Ұл бала толық, жеткілікті отбасында тәрбиеленген. Ешқандай проблемалары болмаған. Қазір осы қайғылы жағдай бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде”, – деді аудандық әкімдікте.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button