
Қазіргі уақытта қаладағы эпидемиологиялық жағдай бір қалыпты. ПТР тестілері арқылы күнделікті жаңа науқастану жағдайлары анықталуда. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вирусты алдын алу және одан сақтанудың бірден-бір тиімді жолы, ол – вакцинациялану.
- Қаладағы вирустық жағдай өзгеріссіз. Науқастанудың жаңа жағдайлары анықталуда. Адамдар ауруханаларда емделуде. Вакцина көмегімен ғана қорғануға болады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеледі. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің, халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы, мәдениет және сауда-ойын-сауық орталық объектілерінің, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің денсаулық сақтау ұйымдарының, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің, экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдарының, байланыс және телекоммуникация объектілерінің, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының қызметкерлері вакцинациялаудан өтулері міндетті, – деп көрсетті Берік Тлебалдин.
2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді жүзеге асырсын.
Semey News