Семей

Семейде орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында Семей қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары Абай және Жангелдин көшелерінде жүргізіліп жатыр. Екі көшеде де ескі асфальт жабыны алынып, қалыңдығы 12 см болатын екі қабатты жаңа асфальт жабыны төселеді.

Абай көшесінде 2,7 шақырым жол жөнделіп, бордюрлар толықтай жаңартылады.

Ал Жангелдин көшесінде 1,6 шақырым жол жөнделеді. Мұнда жаңа бордюрлар орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынады.

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау үшін қарқынды күшейтуді тапсырды.

Осы айдарда

Back to top button