“Семейдегі мердігер ұйымдардың жұмыстарына қала тұрғындары тарапынан наразылықтар туындауда. Бұл жол бойындағы, тротуарлар мен аялдамалдардағы, қоқыс жәшіктеріндегі қоқыстардың шығарылуына, қаланы аббаттандырумен байланысты. Осы қызмет түрлерінің мердігері “Семей Тазалық” ЖШС, оның қосалқы мердігерлігінде “Зеленстрой” ЖШС эжәне “Озон-93″ ПК бар. Олар қала жолдарының 202,2 шақырымын күтіп ұстайды, күнделікті тазалыққа 40-тан астам техника (тиегіштер, жүк көліктері және т,б,) жұмылдырылады”, – деп қала әкімінің Instagram парақшасында жазылған.
Б.Байахметовтың хабарлауынша, аталған мекеме жолдарды жуу және жол жиегін сауару, ағаштарды қию және көгалдандыру, газондарды және ағаштарды күту міндеттерін атқарады.
“Дегенмен, қаладағы жолдар мен көшелердің санитарлық жағдайы сын көтермейді. Сондай-ақ, қала көшелерін тазарту сапасының төмендігін атап өткен жөн. Әкімдіктің тиісті бөлім басшыларына осы бағыттағы жағдайды қатаң бақылауға алу тапсырылды. Көшелерді, тротуарларды және жолдарды тазартуға, бордюрлерді ағартуға және ағаштарды отырғызу-қиюға басты назар аудару қажет”, – деп атап қала әкімі.
Сонымен қатар, қала әкімі мердігер ұйымдардың жұмыс сапасыне тексерулер үнемі жүргізіліп тұратынын хабарлады.
“Семей таза және жасыл қалаға айналуы керек”, – деп қорытындылады Б.Байахметов.
Semey News



