Сайлау
Кандидат Арсен Кабдуллин кәсіпкерлермен пікір алмасты

№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Арсен Кабдуллин өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, іскерлік ортаны жақсарту мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өңірдегі бизнес саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Арсен Кабдуллиннің сайлау қорынан төленді



