
«Семей Водоканал» МКК қаланың сумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылу беру маусымына дайындау бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарына және жабдықтау желілерін бір мезгілдік тазалау және дезинфекциялауға байланысты қала халқы назарына жеткізеді: – 2025 жылдың қыркүйек айының 23 күні сағат 20.00-ден 24 қыркүйек күнгі сағат 20.00-ге дейін қаланың сол және оң жағалауларында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады. Көрсетілген кезеңде құбырларда су болған жағдайда суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қала тұрғындары, кәсіпорындар мен мекемелер басшылықтарына өтініш: тазалау жұмыстары жүргізілетін мерзімдегі өрт сөндіру мен тұрмыстық қажеттілікке жеткілікті су қорын дайындап алуларыңыз қажет! МКК «Семей Водоканал» әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Толық ақпаратты 51-60-90 телефоны арқылы білуге болады.