Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

30 мамырда Абай облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Халық заңгері» республикалық акциясын өткізу қайта басталады, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 30 мамыр күні еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді. Мемлекеттік органдар, елдің заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Өткізу орны – 2024 жылы 30 мамырда сағат 17:00-де, Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы әмбебап кітапханасында Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button