
«Мамыр айының басынан бастап короновирус инфекциясымен сырқаттанған науқастар санының өсуі байқалатынын біз бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Вакцина – бұл вирустың таралуын азайтудың жалғыз әдісі», – деп көрсеткен әлеуметтік желіде қала әкімі.
Н.Сақтағановтың айтуынша, бүгінгі күні Семей қаласы бойынша «QazCovid-in», «Спутник V», «Hayat-Vax.» вакциналарының 1-ші және 2-ші компоненттерін 50 937 адам алған.
«Біз барлық қала тұрғындарын екпе алудан бас тартпауға, вакцина алуға шақырамыз», – деп қорытындылады әкім.
Semey News