ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде «Елін сүйген Елбасы» мерекелік концерті өтті

Семейде Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

1 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өтеді. Мерекенің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі уақытта және келешекте еліміздің  тұрақты дамуының негізіне айналған мемлекет басшысының идеясы және саясаты төңірегінде топтастыру.

Осыған орай Семейдегі қалалық мәдениет сарайында «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік концерті өтті. Осы кеште мәдениет сарайының әртістері тыңдармандарына сүйікті музыкалық шығармаларын ұсынды. Жиналғандарды келе жатқан мерекемен Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев құттықтап, өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының еңбегін атап өтті.

Барлығы осы кеште тыңдармандардың назарына 17 тақырыптық композиция ұсынылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button