ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да үш притон анықталды

Шығыс Қазақстан полицейлерімен Өскемен және Семей қалаларында жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притон анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған «Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде.

«Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың 3 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Профилактикалық есепке 7 адам қойылды», – делінген ақпаратта.

Жедел алдын алу шарасы 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button