ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Алтай» тасжолының 71-шақырымында орын алды. ВАЗ көлігінің жүргізуші жол жиегінде тұрған КамАЗ көлігіне соғылған.
“Анықталғандай, ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші жол жиегінде тұрған жүк көлігінің артына соғылды. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізуші өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Semeynews.kz