ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қазанында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне криминалдық полиция бөлімі қызметкерінің баянаты келіп түскен, онда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы қыркүйектен қазан айының соңына дейін пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, жалпы сомасы 1 200 000 теңгеден астам ақша қаражатын, тұрмыстық техника, алтын бұйымдарын ұрлаған 29 жастағы қала тұрғыны ұсталғаны туралы айтылды.
– Жүргізілген тергеу іс-әрекеттері барысында 42 жастағы жәбірленуші, ол полиция қызметкерлерінен оның пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған, – делінген ақпаратта.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жасалған қылмысты ашқаны және ұрланған заттарды қайтарғаны үшін Риддер қаласының интернет ресурстары мен газет басылымдарында алғысын жариялаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі-ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Semeynews.kz