ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Шара барысында полицейлермен Өскемен қаласындағы көшелердің бірінде 38 жастағы қала тұрғынынан кідіріссіз тінту барысында, «Kia» көлігінің жүргізуші орындығының арқалығының артқы қалташасында өсімдік тектес заты бар бір полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.
- Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат “кептірілген марихуана” болып табылды, жалпы салмағы 52,75 грамм. Сонымен қатар, күдіктінің пәтерін кідіріссіз тінту барысында, жатын бөлмедегі төсек астынан өсімдік тектес зат және жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған екі қағаз орама табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат – “кептірілген марихуана”, жалпы салмағы 30,36 грамм және “гашиш”, жалпы салмағы 15,30 грамм. Ұсталған азамат бұл затты өзі қолданбайтынын, бірақ одан әрі сату үшін тауарларды тасымалдағанын жеткізді, – деп түсіндірді ведомствода.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz