ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде “Қазақстан Республикасының қазіргі білім берудегі жетістіктері мен инновациялары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Шара педагогика ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті қазақстандық педагог және ғалым Әсемгүл Молдажановаға арналды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталмыш конференцияда алыс және жақын шетел ғалымдары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары бас қосты.
– Әсемгүл Молдажанова- ұзақ жылдар бойы сүйікті мамандығына адал қызмет еткен нағыз педагог. Еңбек жолын ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ол, одан кейін Шәкәрім атындағы университетте жұмысын жалғастырды. Бес жылдан астам ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары жауапты қызметін атқарды. Одан кейін Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры болды. Әсемгүл Александрқызы 100-ден астам ғылыми жарияланым, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдарын шығарды. Ол көптеген қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құрметті профессоры атанып, жұмыс қабілеттілігімен, тапсырмаларды терең пысықтауымен және қайтпам қайсар мінезімен үлкен жұмыс көлемін орындады. Біздің бүгінгі конференциямыздың мақсаты-оны еске алу және сонымен қатар, білім берудегі инновациялық жетістіктердің ғылыми білімі мен жинақталған тәжірибесін шоғырландыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, – дейді университет ректоры Бауыржан Ердембеков.

Конференция аясында ғалымдар COVID-19 пандемиясының кезеңінен өтуге байланысты білім беру мәселелерін қарастырды. Білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты жетілдіру және педагогикалық кадрлардың кәсіби даму бағдарламалары бойынша жоғары сапалы қызметтер ұсыну мәселелерін талқылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button