Сайлау

Кандидат Мақсат Алибеков қала тұрғындарының мәселесін тыңдады

Семей қаласында № 8 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мақсат Әлібеков тұрғындардың өтініші негізінде Спартак көшесі, 11А мекенжайындағы аулаға барды.

Аула аумағын аралау барысында тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселемен танысты. Соның ішінде көше жарықтандыру бағаналарының жоқтығы ерекше атап өтілді. Тұрғындардың сөзінше, кешкі уақытта ауланың қараңғы болуы балалар мен ересектерге қолайсыздық туғызып отыр.

Сондай-ақ кездесу кезінде өзге де түйткілдер талқыланды. Кандидат тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алатынын және оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.

*№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Мақсат Алибековтың сайлау қорынан төленді

 

 

Осы айдарда

Back to top button