Сайлау
Кандидат Адилет Килыбаев ПИК өкілдерімен пікір алмасты

№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Адилет Килыбаев пәтер иелері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесіп, тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және аулаларды абаттандыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында көпқабатты үйлердің жағдайы, ортақ мүлікті күтіп-ұстау, аула тазалығы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағыттары сөз болды. Сонымен қатар ПИК өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Кандидат көтерілген мәселелермен танысып, тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты ұсыныстарды талқылады.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Адилет Килыбаевтың сайлау қорынан төленді



