ҚазақстанМәдениетТОП

Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің драматургтері арасында комедия жанрында халықаралық пьесалар байқауы жарияланды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің драматургтері арасында комедия жанры бойынша халықаралық драматургиялық байқау жарияланады.

Ережесі:

Байқау мақсаты:

* ұлттық  драматургияның дамуына қолдау көрсету;

* халықаралық шығармашылық байланыстарды кеңейту;

* М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театр репертуарын кәсіби

жаңа материалдармен толықтыру;

* драматургтердің көркем комедия жазуға ынтасын арттыру және жаңа есімдерді ашу.

Байқау шарттары:

* байқауға комедия жанрындағы пьесалар ғана қабылданады;

* байқауға ұсынылатын пьесалар төлтума (инсценировка емес) және бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, сахналанбаған болуы керек;

* пьесаның авторлық құқықты растайтын құжаты (авторлық куәлік) болуы міндетті;

  • үміткерлер пьесаларын онлайн (teatr.auezov@bk.ru) және офлайн

(Алматы қ., Жібек Жолы көшесі, 154 мекен-жайы) форматта,

қазақ немесе орыс тілдерінде жолдауы тиіс;

* пьесамен бірге автор туралы мәліметтер мен байланыс телефоны қажет;

* пьесаларды кәсіби қазылар алқасы (режиссерлер, драматургтер, театртанушылар) сараптайды.

Байқау нәтижесі:

I орын – үздік деп танылған пьеса театр репертуарына алынады.

II орын – кіші формада өзіндік жұмыс ретінде сахналанады.

III орын – оқылым ретінде талқыланады.

Байқаудың өткізілу уақыты: 1 сәуір – 1 қыркүйек 2026 жыл

Байқаудың қорытындысы: 1 қазан 2026 жыл

Қорытынды:

Бұл жоба Қазақстан және Орта Азия драматургтарының арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтуға, ортақ театр кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді

Осы айдарда

Back to top button