Абай облысыТОП
Аягөз қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Аягөз ауданының орталығы – Аягөз қаласындағы Абай бульварында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта нысанда жол жабынын жаңарту, тегістеу және асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатыр. Сонымен қатар, биыл қаладағы тағы 5 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Өңірде жол инфрақұрылымын дамыту және елді мекендердің келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



