Абай облысыТОП
Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады
Прокуратура аудандағы мектептердің бірінің есепшісімен 2,8 млн. теңге қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыр) сотқа дейінгі тергеуді бастап, материалдарын экономикалық тергеу қызметіне жолдады.
Қазіргі уақытта бұрынғы есепші заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Абай облысының прокуратурасы