ҚазақстанОқиға

Елордада тұрғын үй кешенінде жолаушылары бар лифт құлады

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінде жолаушылары бар лифт үзіліп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық полицейлердің мәліметінше, 9 шілдеде Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлау дерегі бойынша шақыру түскен.

“Күндізгі уақытта 31 жастағы ер адам 16 жастағы қарындасымен бірге лифтімен көтеріліп бара жатқанда, лифті құлап, қабаттар арасында лезде тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тексеру жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады.

Tengrinews.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта лифт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button