ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

ШҚО Үржар ауданында Елорда күніне орай бірнеше нысан ашылды

6 шілде – Елорда күніне орай Үржар ауданында балабақша мен спорттық нысандар ашылды, деп хабарлайды Semey News.

«Ауыл ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Мақаншы ауылында заманауи талаптарға сай жастардың спортпен шұғылдануына арналған спорт модулі бой көтерді. Аталмыш спорт модулінің ашылу салтанаты бүгінгі мереке күнінде өтті. Алдағы уақытта осы спорт модулінінен әлемдік ареналарда ел мерейін үстем қылар саңлақтардың шығатынына сенім мол.

 

Сондай-ақ, Үржар ауылында заманауи үлгіде салынған, ауыл тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануына арналған жүзу бассейні ашылды.  Аталмыш спорт нысаны «Ауыл ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен салынды. Жүзу бассейні алдағы уақытта ауыл тұрғындары мен жастарының спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасамақ.

Бұдан бөлек, Елорда күніне орай Мақаншы ауылында  128 орындық балабақшаның ашылу салтанаты өтті. Нысанға облыс әкімінің тікелей қолдауымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, заманауи талаптарға сай жасалынды. Бұрынғы Мақаншы орта мектебінің уақыт талабына сай жаңғыртылған ғимараты алдағы уақытта Отанымыздың кішкентай азаматтарының мектепке дейінгі тәрбиесімен айналысатын берекелі ортаға айналары сөзсіз.

Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, «Елорда күні» қарсаңында облыстық бюджет қаражаты есебінен Үржар ауданының білім мекемелеріне шағын ауылдардан балаларды тасымалдау үшін 4 автобустың кілттері салтанатты түрде табысталды. Аталған шаралар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button