ШҚОТОПШҚОЭкономика

ШҚО-да алтын өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылды

Шығыс Қазақстанда Жарма ауданында «IT&M Kazakhstan» ЖШС алтын өндіретін жаңа өндірісін іске қосты, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстанда еліміздің алтын қорының қырық пайыздан астамы бар.

Жарма ауданында бағалы металлдың 15 орны бар. «IT&M Kazakhstan» ЖШС Ақжал ауылдық округіндегі Ақкезең кен орнын игеруге арналған өндірісін іске қосты. Рудадан құрамында алтыны бар концентратты алу, кейіннен оны өңдеу жоспарланып отыр.

Өндіріс алаңының директоры Жанымхан Әбішевтің айтуынша, руданы өңдеу және алтын концентраттарын өндіру 2025 жылға дейін жоспарланған.

  • Әр түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін салық түсімдері шамамен бір миллиард теңгеден асады. Бастапқы уақытта 20 жұмыс орны ашылады. Өндіріс қуаттылығының өсуіне байланысты жұмыскерлер саны жүзге дейін өседі. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Ж.Әбішев.

Өндіріске ауысым мамандарынан бөлек, механиктер мен карьерлік техникалардың жүргізушілері тартылды. Ақкезең алаңында жұмысшылардың модульді қалашығы бой көтеретін болады.

Сонымен қатар, мекеме аудандағы әлеуметтік көрсетуге, жас мамандарды оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға міндетьтеме алды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button