Сайлау

Кандидат Айдар Шоманов спорт саласының қызметкерлерімен кездесті

№10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айдар Шоманов спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы жоспарлары мен басымдықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылармен маңызды мәселелер талқыланып, олардың пікірлері мен ұсыныстарына назар аударылды.

Мұндай кездесулер сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Ашық пікір алмасу – халықтың талап-тілегін түсінудің маңызды жолы.

*10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат  Айдар Шомановтың сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button