Сайлау

Дәурен Нұралинов: «Туған қаланың дамуы – басты басымдық»

2021 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Дәурен Нұралинов Қазақстан халық партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына №13 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат ретінде ұсынылды.

Ол өзінің сайлауалды үндеуінде спорттағы жетістіктері мен депутаттық қызметтегі тәжірибесіне тоқталып, халық алдындағы жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

– Қазақта «Ел үмітін ер ақтар» деген тағылымды сөз бар. Спорттағы жылдарым маған қайсарлық пен табандылықты үйретсе, мәслихат депутаты ретіндегі тәжірибем халық алдындағы жауапкершіліктің салмағын сезіндірді, – деді Дәурен Нұралинов.

Кандидат туған қаланың дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және жас ұрпақтың болашағы маңызды басымдықтар екенін жеткізді.

Оның айтуынша, қала өміріндегі өзекті мәселелерге назар аударып, тұрғындардың мүддесін қорғау – ел алдындағы ортақ жауапкершілік.

*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нуралинов Даурен Болатовичтің сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button