Сайлау

Жастар әлеуеті, мәдени орта және цифрлық даму: өңір болашағына әсер ететін үш бағыт

Өңірдің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Оның маңызды көрсеткіштерінің бірі – жастарға жасалған мүмкіндік, мәдени ортаның сапасы және заманауи инфрақұрылымның қолжетімділігі. Осы мәселелер Семей қаласындағы Балалар мен жастар шығармашылығы сарайының ұжымымен өткен кездесуде талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Мирас Малғаждаров, Әйгерім Жұмақанова, Анжела Маслова, Нұрбек Бекенов және Ербол Тускенов қатысты. Олар партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Жаңа мәдениет» және «Цифрлық мемлекет» бағыттарының негізгі міндеттерін таныстырды.

Облыста 138 мыңнан астам жас тұрады, оның 19 мыңы – студенттер. Бұл көрсеткіш жастар саясатын өңірлік дамудың стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Жастардың әлеуетін ашу үшін сапалы біліммен қатар, шығармашылықпен айналысуға, қоғамдық бастамаларға қатысуға және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта қажет.

Осы тұрғыда бағдарламада «ERIKTI» бірыңғай цифрлық платформасын құру, волонтерлік қозғалысты дамыту, креативті хабтар мен қауымдастық орталықтарын ашу көзделген. Мұндай бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мәдени инфрақұрылымды дамыту да осы міндетпен сабақтас. Семейде 1 000 орындық облыстық драма театр, медиаорталық, шығармашылық орталық және «Көрме орталығын» салу, ауылдық жерлерде мәдениет үйлері мен клубтар ашу, 2031 жылға дейін 10 мәдениет нысанын жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар кітапхана қорларын жаңарту және білім беру ұйымдарының кітапханаларын автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қосу қарастырылған.

Мәдениет нысандары – тек ғимараттар емес, қоғамның рухани және зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын кеңістік. Сондықтан олардың қолжетімділігі қала мен ауыл тұрғындары арасындағы мәдени мүмкіндіктер алшақтығын азайтуда маңызды рөл атқарады.

Келесі маңызды бағыт – цифрлық инфрақұрылым. Ауылдық елді мекендерді спутниктік және талшықты-оптикалық байланыспен қамтамасыз ету, мобильді интернет желісін дамыту, адами капитал мен стартап-жобаларды қолдау көзделген. Ал Семей қаласындағы фото-бейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін 2 194 камераға дейін кеңейту қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің технологиялық тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Кездесу барысында кандидаттар жастардың шығармашылық бастамалары мен заманауи технологияларды меңгеру мүмкіндіктері өңірдің ұзақ мерзімді дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Бүгінгі жастарға тек дайын мүмкіндіктер ұсыну жеткіліксіз. Ең бастысы – олардың өз идеясын жүзеге асыруына, бастама көтеруіне және қоғамға пайдалы жобалар жасауына жағдай қалыптастыру. Шығармашылық орта, мәдени инфрақұрылым мен цифрлық қолжетімділік бір-бірін толықтырғанда ғана жастардың әлеуеті толық ашылады, – деді Нұрбек Бекенов.

Кездесу соңында ұжым өкілдері өз ұсыныстарын ортаға салып, жастардың шығармашылық дамуы, мәдени қызметтердің қолжетімділігі және цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін талқылады.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Осы айдарда

Back to top button