Қала күніне арналған «Туған өлке – тұнған тарих» танымдық QUIZ ойыны өтті

Туған қаланың тарихын терең танып, Семейдің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге бағытталған зияткерлік ойын үш кезеңнен тұрды:
«Шежірелі – Семей тарихы сыр шертеді» – қаламыздың тарихи ғимараттары, ескерткіштері мен музейлеріне қатысты сұрақтар;
«Тұңғыштар мекені» – Семейден түлеп ұшқан алғашқы ғалымдар, ақын-жазушылар, Алаш қайраткерлері, баспа ісі, мерзімді басылымдар және футбол тарихына арналған сұрақтар;
«Өнерлі елім – Семейім» – Семей өңірінен шыққан өнер иелері мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығына арналған кезең.
Қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, туған қаланың өткені мен бүгінін саралап, Семейдің тарихи-мәдени мұрасын жаңаша қырынан таныды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – «Алаш арыстары» командасы;
ІІ орын – «Ертіс перзенттері» командасы;
ІІІ орын – «Абай ұрпақтары» командасы.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.


