Абай облысыТОП

Ескертусіз кешкі тексеріс: Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары қандай жағдайда қызмет етеді?

«Аналардың жүректері» сарбаздар аналары республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша өкілі Марфуға Бармашикова Ұлттық ұланның Cемей қаласындағы 5511 әскери бөліміне кешкілік уақытта күтпеген тексеріс жасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімге күтпеген уақытта барған қоғамдық бірлестік өкілі жұмыс барысында Ұлттық ұлан сапына таяуда ғана қосылған жас толымға сұрақтар қойып, емін еркін әңгіме алаңын құрды. Мерзімді әскери қызметін өткеруге келгендер болса, сарбаздар анасының әр сауалына тайынбай, барынша толыққанды жауап беруге тырысты. Марфуға Шаймұратқызына оларға жасалған жағдайдың қолайлылығын айтып, тамақтану мен медициналық қызмет түрлеріне көңілдері толатындығын жеткізді. Шара барысында сарбаздар анасы казармадағы тазалық пен жайлылықты баса назар аударды.

– Сарбаздардың аналар комитеті ең алдымен әскерге шақырылғандарға қиын жағдайдан шығуға көмектесу үшін құрылған. Ал, қиын жағдайға көбінесе Ұлттық ұлан сапына тақауда келіп, әскери өмірге бейімделу ауырлық тудырғандар тап болады. Сондықтан мен, әлі әскери ант қабылдап үлгермеген, алғашқы дайындық курсынан өтіп жатқан жас толыммен жүздестім. Жалпы, бүгінге күнге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздардың ата – аналарынан бізге өтініш түскен емес. Керісінше, сарбаздардың жақындары әскери бөлім қызметкерлеріне өз алғыстарын жаудыруда, – дейді «Аналардың жүректері» сарбаздар аналары республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Марфуға Бармашикова.

Айта кетейік, әскери бөлімге Алматы, Жетісу, Қарағанды, Павлодар өңірлерінен және Астана қаласынан үш жүзден астам жас сарбаз шақырылды. Олар қараша айының ортасына әскери ант қабылдайды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button