Қоғам

Оқушының сырт келбеті: тәртіп пе, шектеу ме?

Соңғы жаңалықтарды қарастыратын болсақ, біздің елімізде оқушыларға деген шектеулер тым қатал болып кетті. Шаш үлгісі, мектеп формасы, бетке бояу – балалардың болашағына әсер етеді деп ойлайды. Бірақ ақиқатқа тіке қарасақ, қыз шашын өрмесе, не ұл шашын өсірсе, сабақ үлгерімі төмендегенін ешкім көрген жоқ.

Мектеп әкімшілігінің талаптары мен оқушылардың жеке таңдау еркіндігі арасында белгілі бір қайшылықтың бар екенін байқауға болады. Сонда өзін-өзіңді көрсету, индивидуалды болу қазіргі таңда заң бұзушылыққа жата ма?

Әрине, мектеп формасына қойылатын талаптардың өзіндік себебі бар: «Бірыңғай киім оқушылар арасында тәртіпті, сабақ кезіндегі іскерлік ахуалды және оқушылар арасындағы теңдікті сақтау үшін мектеп формасын кию міндетті. Мысалы «tengrinews.kz» ақпараты бойынша Финляндияда және т.б. елдерде мектептерінде еркін форма. Осыған қарамастан, олардың оқушыларының үлгерімі біздің оқушылардан асып түседі. Сондықтан осы фактілерді ескере отыра біз қорытынды жасау керекпіз.

Жақсы, форма болсын, бірақ қатаң түрде ұлдарға тек костюм шалбар, қыздар тек ақ көйлек кию қажет емес. Нормаларды сақтай отыра балаларға ерік беру деп ойлаймын. Қара немесе көк түсті ғана емес, сұр, қоңыр және басқа да қатты ашық емес түстерді киетін болса, жаман нәтиже болмайды.

Сонымен қатар талап бойынша “Бырыңғай форма әлеуметтік айырмашылықты азайтуға, буллингті жоюға көмектеседі” деп себеп қылады, бірақ қазір форманы әлдеқайда қымбатқа алып жүрген оқушыларды көре аламыз, осыған орай буллинг фактісін жоққа шығара алмаймыз. Балалардың сыртқы келбетіне шектеу қоя бермей, буллинг мәселесіне көбірек көңіл аударған жөн.

Иә, әр мектеп формасына өзгерістер енгізе алады, ол талаптар ҚР “Білім туралы” заңының 5-бабы 20 тармағында жазылған: “Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.” Бұл тармақ 30.12.2022 жылы қабылданды. Заң қабылданғаннан кейін мектептердің көбі профессионализм сақтамай, тым қатаң шектеулер енгізді. Барлығы білім, тәртіп деңгейін жоғарлату үшін дейді, бірақ Forbes.kz деректеріне сенетін болсақ, 4 жыл ішінде оқушылардың үлгерімі төмендеді.

Осының барлығы енгізілген заңның іске аспағаны көрсетіліп тұр.

Тағы бір қозғайтын мәселе, егер жыл сайын ата аналар балаларына мектеп формасын алмайтын болса, қалталарына ауырлық түспей, көп балалы отбасыларға да үлкен көмек болушы еді. Нақты деректерге сенетін болсақ, жыл сайын бір оқушыны мектепке киіндіру шамамен 150 мың теңге. Оданда сол ақшаны балалардың болашағына жұмсаған дұрыс. Бұл фактіні қозғасақта, мектеп формасына қатысты мәселе тек ата-аналардың қаржылық шығынымен шектелмейді. Оқушының күнделікті мектеп өмірінде шаш үлгісі мен макияжына қойылатын талаптар да маңызды сұрақтардың бірі болып отыр. Қыздардың шаш жаюы, жеңіл макияж жасауы, ұлдардың шаш өсіргені білімге еш зияны жоқ. Бұл жай ғана жасөспірімдердің өз-өздерін көрсетуі.

«Onclinic.ua» деректеріне жүгінсек, жасөспірімдік шақ әдетте 10–13 жаста басталып, 17–19 жасқа дейін созылады. Бұл аралықта балалар тек физикалық тұрғыда өспей, өздерінің ішкі жан дүниесің іздей бастайды. Барлығы мектеп оқып жатқан кездк босталады.

Жаңа стильдерді көру, шаштарын бояу, макияж жасау деген қалыпты зат.  Қарсы болмай, керісінше балаларды қолдау керек деп есептеймін. Өйткені шектеулерді қоя бергеннен бала дамымай, оқу бітіргеннен кейін “Мен қандай болғым келеді?” дейді.

Жалпы бүгінде адамның сыртқы келбеті оның өзіндік талғамы мен жеке ерекшелігін көрсету құралдарының біріне айналды. Сондықтан шаштың түсі мен үлгісіне қойылатын тым қатаң талаптардың қаншалықты орынды екені туралы сұрақ мазалайды.

Жоғарында айтылғандарды түйіндей отырып, менің айтпағым, оқушының сырт келбеті оның білім деңгейін анықтайтын өлшем емес. Оқушылар еркін білім алып, ерекше болуға лайықты!

Авторы: Сарсен Ақпейіл Саматқызы.

Абай обл, Семей қаласы №37 гимназиясының 11-сынып оқушысы

Осы айдарда

Back to top button