Абай облысыТОП

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына бару қажеттілігін азайтуға жағдай жасап отыр.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров атап өткендей, бүгінде электрондық формат салық төлеушілердің мемлекетпен өзара іс-қимылының негізгі тәсіліне айналды.

Цифрландыру – бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру ғана емес. Бұл мемлекет пен азаматтар және бизнес арасында неғұрлым ыңғайлы, жедел әрі ашық өзара іс-қимыл қалыптастыру, – деп атап өтті Руслан Данияров.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Департамент тарапынан 327 079 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 326 459 қызмет немесе 99,8%-ы электрондық түрде көрсетілген. Қағаз түрінде бар болғаны 620 қызмет – жалпы көрсетілген қызметтердің 0,2%-ы ұсынылды.

Мұндай көрсеткіштер цифрлық құралдардың қаншалықты сұранысқа ие екенін айқын көрсетеді. Салық төлеуші үшін бұл, ең алдымен, уақытты үнемдеу. Егер қызметті онлайн алуға мүмкіндік болса, мемлекеттік кірістер органына барудың, кезекте күтудің және құжаттарды қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінде цифрлық мүмкіндіктердің аясы кең. Мемлекеттік кірістер комитетінің portal.kgd.gov.kz порталында салық төлеушілерді іздеу, салық берешегінің бар-жоғын тексеру, ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтерді алу, салық калькуляторлары және басқа да электрондық сервистер қолжетімді.

Салық төлеушінің кабинеті де ерекше маңызға ие. Ол интернет арқылы салық есептілігін тапсыруға, қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ салықтық нысандарды толтырудың дұрыстығын тексеруге арналған кіріктірілген құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар азаматтар мен кәсіпкерлерге қажетті ақпаратты алуға және бірқатар салық операцияларын мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мобильді және цифрлық сервистер де белсенді түрде дамып келеді.

Біз мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етуге ұмтыламыз. Қызметтер онлайн форматта неғұрлым көп қолжетімді болған сайын, салық төлеуші әкімшілік рәсімдерге соғұрлым аз уақыт жұмсайды, – деп атап өтті Руслан Данияров.

Департамент басшысының айтуынша, цифрландыру мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыруға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға да ықпал етеді.

Біздің міндетіміз – қызметтерді жай ғана электрондық форматқа көшіру емес, оларды пайдаланушы үшін барынша түсінікті, қолжетімді және ыңғайлы ету, – деді ол.

Руслан Данияров Абай облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды:

Бүгінде салықтық және кедендік қызметтердің едәуір бөлігін қашықтан алуға болады. Азаматтар мен бизнес өкілдеріне қолжетімді электрондық сервистерді пайдалануды ұсынамын. Бұл – ыңғайлы, жылдам әрі уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, – деп шақырды Департамент басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button