ҚазақстанПрезидент

Президент автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты.

Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
Фото: Ақорда

Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.

Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
Фото: Ақорда

Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген еді.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-avtonomdi-robottin-mumkndktermen-tanisti-ca7631bf

Осы айдарда

Back to top button