Семей
Семей қаласында санитарлық ағаш кесу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында санитарлық ағаш кесу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде қала аумағында 4 бригада жұмыс атқарып жатыр.
Қураған, апатты жағдайдағы және тұрғындарға қауіп төндіріп тұрған ағаштар кесіліп, аумақтар тазартылуда. Бұл жұмыстар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында атқарылуда.
Сонымен қатар, кесілген ағаш қалдықтары арнайы техникамен шығарылып, аумақ ретке келтірілуде.
Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жалғаспақ.



