Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Абай облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелерінің көмегімен анықталуда.

Акция басталғалы бері полиция қызметкерлері 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 6800-ден астамы қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу деректері болса, тағы 650-ден астамы – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.

Барлық құқық бұзушылар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бейнебақылау камераларын пайдалану құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік беріп, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді.

Абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Полицейлер өңір тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға ұқыпты қарап, заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button